Колледж қонақтарды қарсы алады

18.04.2023

Ерте ме, кеш пе кез келген адам өзінің сүйген кәсібін немесе мамандығын таңдап алуына тура келеді. Қазіргі кезде ел болашағы – жастар. Жыл сайын мектеп бітіруші түлектер қай мамандықты таңдарын білмей, ойын сан – саққа жүгіртеді. Өзге елдермен иық тіресе алатын, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін білімнің іргесін берік қалау керек. Бұл ретте өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өзіндік қолтаңбасын қалдырып келе жатқан білімнің қасиетті қара шаңырағы Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі екенін айта кету керек. Тарихы әріден бастау алатын білім ордасы – халықтың сан ғасырлар бойы жинаған мәдениетін келешек ұрпаққа жеткізетін ұлттық тәлім-тәрбие ошағы. Оқу мекемесінің тарихы 1923 жылдан бастау алады, ауыл шаруашылық мектебінен ауыл шаруашылық техникумына «губерниядағы жалғыз ауыл шаруашылық оқу мекемесі ретінде» қайта құрылды. 2023-2024 оқу жылында колледжде келесі мамандықтар бойынша қабылдау жүргізіледі, олар: "Ветеринария", "Агрономия", "Ауыл шаруашылығын механикаландыру", "Есеп және аудит", "Орман шаруашылығы", "Тамақтануды ұйымдастыру", "Сүт және сүт өнімдерін өндіру". Жастарға болашақтағы мамандығын қателеспей, оны өзінің жүрек қалауымен таңдауға жол көрсетіп, дұрыс бағыт беру мақсатында колледж облыс мектептерінің арасында 9 – 11 сынып оқушылары үшін «Ашық есік» күнін өткізді. Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінен 215 қатысушы қатысты. Ашық есік күні салтанатты іс – шарадан басталды, онда Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.К. Бектасова құттықтау сөзін сөйледі және колледж директоры Б. Ж. Бұғасов білім шаңырағының қол жеткізген жетістіктеріне тоқтала кетті. Келген оқушыларға экскурсияны колледж оқытушылары өткізді, колледж тарихы, мамандықтар, құжаттарды қабылдау ережелері мен тәртібі, оқу шарттары, мүмкін болатын перспективалар туралы айтып, студенттік өмірдің ең жақсы сәттерімен бөлісті. Іс — шараның негізгі бөлігі - мамандықтар бойынша презентациялар мен мастер-класстар. Презентациялардан оқушылар оқуға түсу, оқытушылар құрамы, негізгі пәндер және болашақ жұмысқа орналасу перспективалары туралы негізгі ақпаратты білді. Студенттер өз тарапынан оқудың қандай болатынын, қандай қоғамдық іс-шараларға қатысатынын және колледждің ойын-сауықтарына қалай қатысатыны туралы әңгіме бөлісті. Сонымен қатар, іс-шараның әрбір қатысушысымен сауалнама жүргізілді, сауалнама барысында: Оқушылар баяндалған мамандыққа қызығушылық танытты ма? Оқушылардың қызығушылықтары, қабілеттері мен дағдылары біздің колледжде оқытылатын мамандыққа сәйкес келе ме? деген сұрақтарға жауап берді. Студенттер бүгінгі таңда заман талабына сай, нарықтық экономикаға қажетті мамандықтардың артықшылықтары, маңыздылығы, қажеттілігі туралы айтып берді. Оқушылар үлкен қызығушылық танытып, оқытушылар мен студенттерге сұрақтар қойды. Міне, осылайша біздің колледжден жақсы мамандық пен білім аламын деушілерге біздің колледждің есігі әрдайым ашық. Әрбір үйде, еліміздің әрбір оқу орнында бақыт, бірлік және тыныштық болсын! Жақсы мамандық алып, өмірде өз мамандықтарыңыздың иесі болатындарыңызға Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің педагогикалық ұжымы толық сенім артады. Сіздерге, сәттілік тілейміз!



Текст
Виртуальная приемная